| | «Тобол» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы — әр бизнесмен үшін ыңғайлы, мемлекеттік-жеке серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері.
Біз ашық сұхбат пен жемісті еңбек етуге дайынбыз. Біз Сіздермен ең жақсы мүмкіндіктерімізді біріктіре аламыз – мемлекеттің мүмкіндіктері және бизнестің идеялары. Біздің негізгі міндетіміз – мемлекеттік активтерді пайдалану есебінен, Сіздермен біріге отырып, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары аймағында бизнес-жобаларды жүзеге асыру.
Солтүстік Қазақстан өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да зор мүмкіндіктерге ие. Жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым объектілері, жер ресурстары, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жер қойнаулары – бұл корпорация активтері. Сіздердің әрқайсыларыңызда өз бизнестеріңізді ашу мүмкіндіктеріңіз бар және бұл ретте мемлекеттен біздің тұлғамызда, ең қиын кезең – қалыптасу кезеңінде қолдау алу мүмкіндіктеріне ие бола аласыз.
|
| Сайтта Сіздерді қызықтыруы мүмкін барлық ақпарат орналасқан: ӘКК мүмкіндіктері, активтер, жұмыс жүйелері, ынтымақтастық түрлері.
«Тобол» ӘКК — бұл кәсіпқорлардың біріккен ұжымы, олар, компанияның жетістігі серіктестердің жетістігінсіз мүмкін еместігіне сенімді. Бізбен бірге Сіздер жаңа табысты бизнес ашасыздар. Сіздің кәсіпорныңыз республикалық және әлемдік нарықта лайықты орнын ала алады. Сіз Қазақстанның дамудың жаңа экономикалық деңгейіне шығуына көмек көрсетесіз.
Біздің сайтта Солтүстік Қазақстан туралы барлық қажетті ақпаратты тек қана бизнесмендер ғана тауып қоймайды. Республика азаматтары және ел қонақтары да көп жаңа және қызықты мағлұматтар біле алады. Мұнда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары туралы соңғы мәліметтер, мемлекттік және атқарушы органдардың ресми сайттарына және басқа да пайдалы интернет-қорларына сілтемелер орналасқан.
Біздің сайтқа қош келдіңіздер!
|