|
|||||||
Дауыс беру
|
Әлеуметтік-саяси көрініс
Біздің өңір
Біздің өңір / Солтүстік-Қазақстан облысы /
Әлеуметтік-саяси көрініс
Облыста 2008 жылдың 1 қазанында елді-мекендердегі адамдар саны – 650, 1 мың құрайды, оның ішінде 230, 1 мың адам — қалалықтар, 420 мың адам – ауыл тұрғындары.
2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 6906 жаңа туылған нәрестелер тіркеліп, 6690 – қаза болған адамдар, 3239 неке қиғандар, 1257 ажырасқандар тіркелген. Облыстың тұрғылықты халқының орташа тығыздығы 1 кв. метріне 6, 7 адамды құрайды. Облыс орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізделген, халқы 190, 9 мың адамды құрайды. 2007–2008 оқу жылдарында облыстық мектеп желілері білім беру мекемелеріне арналған қолданыстағы нормативтік нұсқаулықтарға сәйкес 647 мектепті құрайды. Оларда барлығы 92 мыңнан астам бала білім алады. Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер желісі 147, ал 103 мектепте екі тілде: орыс және қазақ тілдерінде оқу сабақтарын жүргізу жүйесі енгізілуде. «100 мектеп және 100 аурухана құрылысы» жобасының аясында 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 2, 24 млрд. теңгеге денсаулық сақтаудың 6 объектісінің құрылысы бастау жоспарға алынды. Қазіргі уақытта жобаның нұсқасы мақұлданып, объектінің жоба-сметалық есебі құжаттамаларын әзірлеу аяқталды. Облыста 20 кәсіби-техникалық мектеп (лицей) бар, онда 4, 3 мың оқушылар білім алуда. 13, 3 мыңнан астам оқушы білім алуға мүмкіндігі бар 12 колледж өз қызметтерін атқаруда. Жалпы саны 54 балалар бақшасы жұмыс істейді. Оның ішінде 43 бақша мемлекеттік мектепке дейінгі балалар мекемесі, ал 11 мемлекеттік емес болып табылады. Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін облыста қажетті жағдайлардың бәрі жасалған. Білім беру ұйымдарының желісі толығымен өсіп келе жатқан халықтың талап-тілегін қанағаттандырады. Кадрларды даярлау және қайта даярлау мынадай білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады:
Петропавлда тірек қозғалыс аппаратына зиян келген мүгедек -балаларға арналған Республикамызда бірінші болып салынған эксперименталды мектеп – интернаты бар.
Айыртау және Қызылжар аудандарында, сонымен қатар облыстық орталықта отбасы типтес балалар ауылы және жасөспірімдер үйі табысты жұмыс істеуде. 2 091 спорт кешендері: Спорт сарайы, 2 спорт кешені, 31 стадион, 519 спорт залдары, 7 бассейн, 15 шаңғы базалары, 88 тир, 6 теннис корты, 227 жаспсарлас ғимараттар, 1190 ғимараттар, 1 боулинг орталығы бар. Солтүстік Қазақстан облысында велоспорт басты спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасының ең үздік велосипедистерінің бірі – ол Қазақстан Республикасының еңбегі сінген спорт шебері, Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері – Александр Винокуров. Ол Бишкүл балалар-жасөспірімдердің велосипедистер спорты жөніндегі мектебінің тәрбиеленушісі. 1998 жылы Петропавл қаласында велосипед спорты бойынша олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің мектебі ашылды. Қазіргі уақытта облыста өзінің құрамында 235 бірлестіктері мен топтары бар 16 дін конфенсиялары бар. Дінге сенушілердің басқаруында 132 діни ғимараттар бар. Тіркелген 148 қауым бар | |||||||||||||||||||||||||
|
© 2007 СПК «Тобол»
Барлық құқықтар қорғалған. |
Қазақстан Республикасы,
Қостанай облысы, 110000, Қостанай қ.,Дулатов көшесі, 68 Солтүстік-Қазақстан облысы, 150000, Петропавл қ.,Қазақстан Конституциясы көшесі, 38 Тел.: +7 (7142) 54 33 77, +7 (7152) 49 04 78 Факc: +7 (7142) 53 37 33, +7 (7152) 49 04 78 E-mail: mail@spk-tobol.kz |
|