Ru       Kz         
Компания туралы
Біздің өңір
Қостанай облысы
Солтүстік-Қазақстан облысы
- Орналасқан жері
- Ауа-райы
- Табиғаты
- Табиғи байлығы
- Экономика
- Әлеуметтік-саяси көрініс
- Қала қонақтарына арналған қосымша мәліметтер
Біздің активтер
Біздің жобалар
Біздің серіктес
Бізге қалай серіктес бола аласыз
Сатып алу
Бос орындар
Қарым-қатынас
Баннерлар
Табу
Сайттың картасы

Дауыс беру
   Голосование
 



Дауыс бергендердің барлығы - 318



ДАУЫС БЕРУ МҰРАҒАТЫ



Besucherzahler Justsayhi
счетчик посещений
Экономика
Біздің өңір
Облыста 2008 жылдың 1 қазанында шағын кәсіпкерліктің 21726 субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде 2 615- заңды тұлғалар, 3 311- шаруа қожалықтары, 15 800- жеке кәсіпкерлер.

2008 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіштер бойынша шағын кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар саны-55, 5 мыңды құрайды, оның ішінде шағын кәсіпорындарда-18, 3 мың адам, яғни шағын кәсіпкерліктің жалпы санында 33, 0 пайызды алады. Ал жеке кәсіпкерлікте-29, 2 мың адам, яғни 52, 6 пайыз, шаруа қожалықтарында-8, 0 мың адам, яғни 14, 4 пайызды құрап отыр.

Тұрғындардың жан басына шаққанда, орта есеппен өмір сүрудің ең төменгі шамасы, 1 айдағы тұтынудың минималды нормасына сәйкес, 2008 тамыз айында 12 504 теңгені құраған және алдыңғы айлармен салыстырғанда 8, 7 пайызға өскен. Бір азық-түлік кәрзеңкесінің құны 7 502 теңгені құрады.

2008 жылдың қыркүйегінде шағын кәсіпкерлік субъектілері шығаратын өнімнің жалпы сомасы 70, 1 млрд. теңгені құрады.

2008 жылдың 9 айында облыстағы өндірістік кәсіпорындар қолданыстағы баға бойынша 47700, 3 млн. теңгеге өнім өндірген. Бұл 2007 жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға артық.

Өндірістік кәсіпорындар құрылымының 77, 1 пайызын алатын өңдеп шығарушы өндірістер 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 36781, 5 млн. теңгеге өнім өндірілген. Бұл 2007 жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1, 3 пайызға артық.

Тамақ өнімдерін өндіру саласында 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 22 231, 6 млн. теңгеге өнім өндірілген. Бұл 2007 жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көлемі 4, 6 пайызға артық.

Өңдеп шығарушы өндірістер көлемінің 21, 2 пайызын алатын машинажасау саласы 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 7 797, 5 млн. теңгеге өнім өндірген. Бұл 2007 жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 100, 5 пайызға артық.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндіру көлемі 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында, алдын ала бағалау бойынша, ағымдағы бағамен 134, 2 миллиард теңгені құрады.

2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында мал және құс өсіру бойынша сойысқа жығылғанынан -69, 1 мың тонна ет, сүт -467, 8 мың тонна, жұмыртқа -205, 2 млн. дана, қой жүні -751 тонна өндірілді.

Алдын-ала болжанған мәліметтер бойынша жиналған астықтың жалпы мөлшері, алғашқы жинау барысында 5, 0 млн. тоннадан асты, ал егін ору кезінде гектарына 13, 5 центнер астық алынып, 2007 жылмен салыстырғанда 88 пайызын құрады.

2009 жылға арналған егіс тұқымынан 509, 8 мың тонна ірі тұқымды астық егістікке егілді, бұл облыстың шарушылық сұранысын толықтай қамтамасыз ете алады. Сақтауға берілген барлық тұқымдар сұрыпталған және аудан-ауданға бөліп берілген.

Осы жылдың 9 айында 1085 мың тонна астық экспортталды, соның ішінде бидай-919 мың тонна, арпа-166 мың тонна, мақсары ұсақ тұқымы-27 мың тонна, ұн-158 мың тонна. Елдің басқа аймақтарына астық жеткізуде 881 мың тонна астық жөнелтілген.

Мал шаруашылығында құс саны, өнім өндіру және мал басының өсу қарқыны байқалады. 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында өткен жылмен салыстырғанда ет өндіруде-69, 1 мың тонна (107, 49 пайыз, сүт – 467, 8 мың тона (103, 6 пайыз), жұмыртқа-205, 2 млн. дана (99, 9 пайыз), қой жүні-750, 9 тонна (105, 9 пайыз) өндірілді. Ірі қара мал саны облысымызда осы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 2, 6 пайызға, қой және ешкі -12 пайызға, жылқы – 6 пайызға, шошқа -10 пайызға, құс өсіру -2, 9 пайызға артып отыр.

Тайыншы ауданында «Еуропалық Одақ стандарттары бойынша мал және құс өсіру, ет өнімдерін өндіру өндірісінің кешені» алға жылжыған жоба жүзеге асырылуда. Жылына 54 мың бас шошқа өсіру кешенінің бірінші кезектегі жобасы қазіргі уақытта іске қосылды. Жылына еуропалық стандарттарға сәйкес 9 мың тонна өнім беруге есептелген ет өндіру кешенінің құрылыс осы жылы аяқталуға тиіс.

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ арқылы «Қазэкспортастық» Холдингі «Тайынша-Астық» ЖШС-нде қазіргі заманғы шетелдік технология бойынша сүт өнімдерін алу үшін 1740 сиыр өсіріп, сүт кешенін салу құрылысын қолға алды.

Жылына 7 мың тонна өт өнімін беретін қуатты израиль технологиясы бойынша салынған бройлер құс фабрикасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Богви» фирмасының «Ақ Ниет-Север» ЖШС Ақжар ауданында асыл тұқымды мал өсіруде 5, 0 мың бас мал өсіру үшін жем беру алаңының құрылысын жүргізуде.

Айыртау ауданында «Көмек» ЖШС голландық жабдықтармен жабдықталған 5, 0 мың бас шошқа өсіру кешенінің құрылысын жүргізуде.

2008 жылы «Таза су» республикалық бағдарламасының аясында су шаруашылығы құрылысын жүргізуге 2640, 8 млн теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде республикалық бюджеттен – 1749, 3 млн теңге, облыстық қазынадан – 496, 5 млн теңге, ал Азия даму банкінен несиелікке – 395 млн теңге қаражат бөлінді.

2008 жылдың қорытындысы бойынша 22 елді-мекенге таза суды жеткізу және 35 елді мекеннің таза сумен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында облыстағы инфляция деңгейі – 7, 6 пайызды құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0, 5 пайызға төмен. Осы жылдың басынан бері азық-түлік тауарлары – 8, 9 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 7, 6 пайызға, ақылы қызметтер – 5, 8 пайызға қымбаттаған (республика бойынша – 8, 9 %, 6, 1 %, 9, 1 %, сәйкесінше құраған).

Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар саны 2008 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша 3461 адамды құрады және өткен жылдың осы мерзімдегі көрсеткішімен салыстырғанда 14, 0 пайызға кеміген. Экономикалық белсенді аймақтардағы елді мекендерде тіркелген жұмыссыздар саны 0, 9 пайызды құрады, бұл өткен 2007 жылмен салыстырғанда 0, 1 пайызға төмен.

2008 жылдың қазанында 12804 жаңа тұрақты жұмыс орындары пайда болып, 23291 адам жұмысқа орналастырылған, соның ішінде уәкілетті орган арқылы 7732 адам жұмысты болды. Қоғамдық жұмыс орындарына 3673 адам жіберілген. Елді мекеннің мақсатты адамдар тобына жататын азаматтардан 5166 адам жұмысқа орналасқан. Кедейшілік шегінен төмен деңгейде өмір сүретін адамдар саны 16ғ2 мың адамды құрайды. Кедейшілік деңгейі -2, 5 пайызды құрады.

Облыстық сыртқы тауар айналымы 2008 жылдың қаңтар-тамыз айларында, транзитті жеткізілімді есепке алмағанда, 943,6 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен 2007 жылмен сәйкес мерзіммен салыстарғанда 29, 6 пайызға жоғары көрсеткіш. Соның ішінде экспорт –239, 2 млн. АҚШ доллары (35, 7% өскен), импорт – 704, 4 млн. АҚШ доллары (27, 7% өскен).



© 2007 СПК «Тобол»
Барлық құқықтар қорғалған.
Қазақстан Республикасы,
Қостанай облысы, 110000,
Қостанай қ.,Дулатов көшесі, 68

Солтүстік-Қазақстан облысы, 150000,
Петропавл қ.,Қазақстан Конституциясы көшесі, 38

Тел.: +7 (7142) 54 33 77, +7 (7152) 49 04 78
Факc: +7 (7142) 53 37 33, +7 (7152) 49 04 78
E-mail: mail@spk-tobol.kz
Сайтты өндеу
Paradigma.kz