|
|||||||
Дауыс беру
|
Әлеуметтік-саяси көрініс
Біздің өңір
Біздің өңір / Қостанай облысы /
Әлеуметтік-саяси көрініс
Облыс аумағында жүзден астам ұлт пен халық тұрады. 2008 жылғы 1 қаңтары жағдайы бойынша облыс халқы 894, 2 мың адамды құрады, олардың ішінде (01.01.2007 жылғы деректер бойынша): 34, 9% — қазақтар, 41,2% — орыстар, 11,9% — украиндер, 3,8% — немістер, 8,2% — өзге ұлт өкілдері.
Орналасу тығыздығы – бір шаршы шақырымға 4, 6 адам. Ең көп халық қоныстанған қалалар Қостанай, Рудный және Лисаковск, ең аз қоныстанған мекендер — облыстың оңтүстік аудандары, онда орналасу тығыздығы бір шаршы шақырымға 0, 5-дан 0, 8 дейінгі адамды құрайды. Облыс территориясында жүзден астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. Соңғы жылдары жергілікті ұлттың халық санының өсуі байқалады. Қостанай облысында 15 жоғары оқу орындары жұмыс істейді: 5 мемлекеттік және 10 мемлекеттік емес. Олардың бірі – А.Байтұрсынов атындағы Мемлекеттік университет. Студенттердің жалпы саны 44000 адамды құрайды. Сонымен бірге 23 колледж жұмыс істейді, оларда 14500 астам оқушы оқиды. 700 мектеп жұмыс жасайды, оқушылар контингенті 154147 адамнан тұрады. Мемлекеттік мәдениет жүйесінде 349 кітапхана, 175 клубтық мекеме, 9 музей, 3 театр, 2 концерттік зал, мәдениет және демалыс бағы бар. Облыстық филармония жанында 17 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Облыстық көрме залы жұмыс жасайды. Қостанай облысында 91 мектепке дейінгі мекемелер және 30308 жалпы контингентті балаларымен 546 шағын-орталықтар бар, бұл 84, 3% құрайды. 2007–2008 оқу жылының басына жалпы білім беру мектептерінің желілері өзгерді. Бүгінгі күні 119583 түрлі контингентті жалпы білім беру 630 мектеп жұмыс істейді, одан бөлек білім берудің 7 түзету ұйымдары, 4 кешкі және үш ақылы мектептер бар. Шағын мектептердің саны өзгерді – 485 (77%), қазақ тілін үйрету мектептерінің саны – 144, жалпы контингенттен қазақ тілін үйренетін балалардың 25, 6% жалпы қамтумен 126 – аралас. Жетім балаларға және ата-анасыз қалған балаларға үлкен көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні аталған санаттағы балалар үшін 2 мектеп-интернат, балалар және жас жекіншектер үшін 5 баспана, 4 балалар үйі, «Жанұя» атты отбасы типтес 1 балалар ауылы және 2 Жасөспірімдер үйі жұмыс істейді. 7 арнайы түзету мектептері және 1174 адамды қамтитын мектеп-интернаттары жұмыс істейді (5-ақыл ойы кем балалар, 1-естуі нашар балалар үшін, 1- психикалық дамуы артта қалған балалар үшін, 374 баланы қамтитын 20 арнайы мектепке дейінгі топтар, 1137 оқушыларды қамтитын жалпы білім беру мектептерінің жанында 130 арнайы түзету класстары, 215 мүмкіншіліктері шектеулі балалар үйде оқытылады). Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер саны 1 бірлікке өсті (3 болған). Қостанай психологиялық-педагогикалық кеңес кабинеті қалалық ПППК қайта құрылды. Облыста 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері жұмыс істейді: Әулиекөл, Қарабалық, Мендіқара, Сарыкөл, Жетіқара, Ұзынкөл, Федоров, Денисов, Амангелді, Қостанай аудандарында және Наурыз ауданында ашылды. 2006–2007 оқу жылының басынан аудандарда және қалаларда 68 логопед пунктері жұмыстарын бастады, мұнда 1794 балаларға түрлі тіл мүкістерін түзетуге мүмкіншіліктер жасалған. Облыста инновациялық мектептердің желісі сақталған (11 гимназия, 1 мамандандырылған музыкалық мектеп, 3 дарынды балаларға мектеп интернаты). Бұл жоғары себеппен оқитын балалардың жұмысын жүйелі және мақсатты болуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні облыста 27 республикалық эксперименталдық алаң: «Өзін-өзі тану» курсы бойынша 9 мектеп, жазғы оқыту бойынша – 12, 2 кластан бастап ағылшын тілін үйрету бойынша – 2 алаң, үш тілде оқыту жүргізу бойынша – 1, «Сапа философиясы» негіздері бойынша – 2, 4–5 жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту «Қарлығаш» бағдарламасы – 4 алаңдар жұмыс істейді. Облыста мектептен тыс мекемелердің желілері жұмыс істейді (БММ, БСМ, ДШ, СЮТ, СЮН, БЖСМ) барлығының саны 68 жетеді. Олар 73239 баланы қамтиды, бұл оқушылардың жалпы санына 68, 4 % құрайды. Жалпы білім беру мектептерінің және мектептен тыс ұйымдарының жанында 136 аула клубтары жұмыс істейді, онда 14125 балалар мен жасөспірімдер оқиды. Қостанай облысының жалпы білім беру мектептерінде 12857 мұғалім жұмыс істейді, олардың 9863 (76, 7%) жоғары білімі бар. Білім беру саясатының өңірлік жетістіктерінің бірі облыс педагоктарының 1598 жоғары, 2739 – бірінші санатты. Облыста 28 колледж, колледждерге қарасты 15 жеке кәсіби мектептер мен лицейлер бар. Облыстың колледждерінде орта кәсіби білімімен мамандарды дайындау 85 мамандық бойынша, бастауыш кәсіби біліммен – 58 мамандықтары бойынша жүргізіледі. Бастауыш кәсіби білім беру мекемелері оқушыларының контингенті 7730 адамды құрайды, орта кәсіби – 23934 адам. Спорттық объектілер бар, олардың ішінде екі Спорт сарайы, 26 стадион, 10 спорт кешені, 567 спорт залдары, гольф клубы. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында спорт мектептері бар. Облыста спорттың әр түрі бойынша 38 федерация жұмыс істейді. Облыста 22 конфессияның 125 діни бірлестіктері мен олардың филиалдары жұмыс жасайды. Ислам және православие — өңірдің негізгі діндері болып табылады. Облыста 12 дін таратушы жұмыс істейді, олардың 7 — Орыс православ шіркеуін, 3 – Рим-католик шіркеуін, 1 – Новоапостол және 1 – Қазақстан-Христиан орталығының филиалы. Сондай-ақ облыс территориясында 14 ұлттық-мәдени орталықтарын, қауымдастықтарды және диаспораларды біріктіретін Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы жұмыс жасайды | ||||||||||||||||||||||||
|
© 2007 СПК «Тобол»
Барлық құқықтар қорғалған. |
Қазақстан Республикасы,
Қостанай облысы, 110000, Қостанай қ.,Дулатов көшесі, 68 Солтүстік-Қазақстан облысы, 150000, Петропавл қ.,Қазақстан Конституциясы көшесі, 38 Тел.: +7 (7142) 54 33 77, +7 (7152) 49 04 78 Факc: +7 (7142) 53 37 33, +7 (7152) 49 04 78 E-mail: mail@spk-tobol.kz |
|