Ru       Kz         
Компания туралы
Біздің өңір
Қостанай облысы
- Орналасқан жері
- Ауа райы
- Табиғаты
- Табиғи байлығы
- Экономика
- Әлеуметтік-саяси көрініс
- Қала қонақтарына арналған қосымша мәліметтер
Солтүстік-Қазақстан облысы
Біздің активтер
Біздің жобалар
Біздің серіктес
Бізге қалай серіктес бола аласыз
Сатып алу
Бос орындар
Қарым-қатынас
Баннерлар
Табу
Сайттың картасы

Дауыс беру
   Голосование
 



Дауыс бергендердің барлығы - 363



ДАУЫС БЕРУ МҰРАҒАТЫ



Besucherzahler Justsayhi
счетчик посещений
Экономика
Біздің өңір
Облыс экономикасы дамудың индустриялық-аграрлық бағытын ұстанады.

Облыс экономикасында жалпы өңірлік өнімді өндірудегі өнеркәсіп үлесі шамамен 30 % құрайды. Облыста темір-кен кесектері, асбесттің және бокситтің республикалық көлемінің 100%-і, 80% астам темір-кені өндіріледі.


Ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мыналар:

Кен қазу өнеркәсібінде:

«ССГПО» АҚ – концентрат, кесектер өндірісі;
«Қостанай минералдары» АҚ – хризотилас-бест кенін шығару және қайта өңдеу;
«Өркен» ЖШС – минералды шикізатты шығару және қайта өңдеу;
«Қазақстан Аллюминиі» АҚ филиалдары КБКБ және ТБКБ – бокситтер және отқа берік саз балшық шығару;
«Қостанайщебень» ЖШС – қиыршық тас өндірісі;
«Металл Трэйдинг» ЖШС – алтынқұрамды кенді қайта өңдеу өнеркәсібі.
Өңдеу өнеркәсібінде:
«Арай-91» ЖШС – азық өнімдері, спирттік ішімдіктер және алкогольсіз сусындар өндірісі;
«Арасан» Фирмасы» ЖШС – сыра және минералды су өндірісі;
«Мелькомбинат» АҚ – ұн және макарон өнімдерінің өндірісі;
«Сарыбай» ЖШС – ұн тарту өндірісі;
«КЭУ Рудненский гормолзавод» ЖШС – сары май, сүт және қышқыл сүт өнімдерінің өндірісі;
«Баян-Сұлу» АҚ – кондитер бұйымдарының өндірісі;
«ДЕП» ЖШС – сүт-шикізатты қайта өңдеу;
«Казогнеупор» ЖШС – отқа берік бұйымдардың өндірісі;
«Агромашхолдинг» АҚ ҚФ дизельді қозғалтқыш, комбайндар, тракторлар, ауыл шаруашылық техникасына бөлшектер жасау;
«Агротехмаш» ЖШС – ауыл шаруашылық машинасын жасау, қосалқы бөлшектер өндіру және тарату, ауыл шаруашылық машиналарын күрделі жөндеу;
«Большевичка» ӨК – тігін фабрикасы;
«Алпамыс» аяқ киім фабрикасы – аяқ-киім өндірісі.
Өнеркәсіп. 2008 жылдың қаңтар-қараша айларында облыс кәсіпорындарында 314177, 9 млн.теңге сомасында өнім шығарылды, ол өткен жылдың осы мерзімінің деңгейінен 49, 7% артық. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 2008 жылдың қаңтар-қарашасында 98, 6% құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі. Экономиканың осы секторының нақты көлем индексі 95, 7% құрады.

Өткен жылдың деңгейіне қарағанда агломерациялық темір кенін өндіру – 1, 5%-ға («ССКӨБ» АҚ-да шекемтас өндірісінің төмендеуі); агломерацияланбаған темір кені – 33, 7%-ға («МиталлСтилТемиртау» АҚ «Өркен» ЖШС өнімдерін тұтынудың азаюы); шекемтастар өндірісі – 12, 9 %, сұранымның төмендеуіне байланысты асбест өндіру – 20, 5%-ға азайды.

Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда темір концентраттарын өндіру – 3, 7%, бокситтер – 5, 2% көбейді.

Өңдеу өнеркәсібі. Нақты көлем индексі 106, 1% құрады.

Өткен жылға қарағанда 2008 жылдың қаңтар-қараша айларында сары май – 1, 7%, ет және ішек-қарын — 1%, шұжық өнімдері – 20, 6%, өңделген сүт және кілегей – 18, 6%, шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдер – 5, 2%, ұн – 4, 8%, нан – 6, 8%, «Доре» ерітіндісі – 2 есеге көбейді.

Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда алкогольсіз сусындар өндірісі – 9, 2%, арақ – 16, 8%, сыра – 6, 3% төмендеді.

Ауыл шаруашылығы. 2008 жылдың қаңтар-қарашасында облыста ауыл шаруашылығының (мал шаруашылығы) жалпы өнімі (2007 жылдың бағасымен) 59 830, 3 млн. теңгеге шығарылды, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3, 3% артық.

Облыста барлығы 6713 агроқұрылым, оның ішінде 6 ӨК, 6 АҚ, 567 ЖШС, 4 мемлекеттік кәсіпорын және 6130 шаруа қожалығы бар.

Облыста 15 селолық кредиттік серіктестігі құрылды, жарғы капиталы 750, 2 млн. теңге, қатысушылар саны — 396 құрайды.

Өсімдік шаруашылығы. Ағымдағы жылы 4 152, 9 мың гектар алқапта дәнді дақылдар және дәнді-бұршақ орылды. Бункерлік салмағы 5 256, 1 мың тонна бидай орылды, облыс бойынша орташа егін шығымдылығы 12, 7 центнерден айналады.

1538, 4 гектар жерден (халықты есепке алмағанда) 25, 1 мың тонна картоп жиналды, орташа шығымдылығы 163 центнерден айналады, 514,9 гектар жерден 13, 5 мың тонна көкөністер жиналды, орташа түсімділігі 262 центнерден айналады.

Майлы дақылдар 58, 9 мың гектар жерден жиналған, 27,5 мың тонна жиналды, орташа түсімділігі 4, 7 центнерден айналады, оның ішінде 48 мың гектар жерден 21, 6 мың тонна рапс жиналды, орташа түсімділігі 4, 5 центнерден айналады.

2009 жылы себу үшін 554, 3 мың тонна тұқым толық көлемде дайындалды. Тіркелген тұқым зертханаларына тұқым шығымдылығына арналған тексеріске 277, 8 мың тонна тұқым түсті (себілген тұқымның 50%), шартқа сәйкес сұрыпталған тұқым деп мойындалғаны 261, 4 мың тонна тұқым, оның ішінде 1-ші және 2-ші кластағы 274, 6 мың тонна (99%) тексерілді. Толық талдаудан 162, 8 мың тонна тұқым (29%) тексерілді.
2008 жылы 30, 2 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді, бұл өткен жылғыдан 3, 8 мыңға немесе 15%-ға артық. Тыңайтылған алқап 702, 7 мың гектар артық және бұл өткен жылға қарағанда 93, 9 мың гектарға көбірек (15, 4%).

Мал шаруашылығы. 2008 жылдың 1 қарашасына дейін облыста: 560, 6 мың ірі қара мал басы, 328,7 мың қой және ешкі, 329 мың шошқа, 80,7 мың жылқы және 3914 мың құс бар. Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда барлық мал түрлерінің өсімі байқалды: ірі қал мал – 17, 9 мың басқа (3, 3%-ға), қой және ешкі – 16, 8 мың (5, 4 %-ға), шошқа – 8, 3 мың (2, 6%-ға), жылқы – 3, 6 мың басқа (4, 7%-ға) және құс – 23, 3 мың басқа (0, 6%-ға) өсті.

Қазіргі кезде барлық меншік нысанындағы қожалықтарда жылдың басынан бері 196, 2 мың тона ет, 601,1 мың тона сүт, 368,0 млн. дана жұмыртқа өндірілген.

Өндіріс көлемінің өсімі: ет – 5, 2 мың тоннаны (2, 7%), сүт – 21, 8 мың тоннаны (3, 8%), жұмыртқа – 21, 6 млн. дананы (6, 2%) құрады.

[/b]Механикаландыру.[/b] Облыста 10 машина жасау және жөндеу-қалпына келтіру кәсіпорындары қызмет етеді, олар егін оратын машина, сепкіштер, тиегіштер, бидай тазартатын және топырақ өңдеуші техникалар дайындайды, қосалқы бөлшектер, түйіндер және агрегаттар шығарады, номенклатураны 400-ден астам атаулар құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қызметті 3 машина технологиялық станса көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 11 айында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 417 трактор, оның ішінде алыс шетелдегі 89 егу кешенін, 564 астық жинаушы комбайн, 92 астық тұқымын сепкіш, 272 бидай себуші және басқа да ауылшаруашылық техникасын сатып алды.

2008 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «КазАгроФинанс» АҚ желісі арқылы 6 млрд. теңгеге 265 бірлік техника, оның ішінде 41 трактор, 171 астық жинау комбайнын, 33 себу кешенін, 20 бірлік басқа техникаларды, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1, 7 млрд. теңге сомасына 72 бірлік техниканы лизингке сатып алды.

Шағын кәсіпкерлік. 2008 жылдың 1 желтоқсанында облыста 54577 шағын бизнес субъектісі тіркелді, оның 45920 қызмет етуде, заңды тұлға мәртебесіне ие шағын бизнес субъектілері тиісінше 6937 және 4232.
Шағын бизнес саласында 95, 7 мың азамат жұмыспен қамтылды, бұл өткен жылғыдан 1% аз, шағын бизнес кәсіпорындарында 23, 5 мың адам жұмыспен қамтылды.

Шағын кәсіпкерліктің 11 ай аралығындағы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі 117393 млн. теңгені құрады, ол 2007 жылдың ұқсас мерзімінен 13, 7% артық, шағын бизнес кәсіпорындарында – 39560, 2 млн.теңгені, жеке кәсіпкерлікте – 77832, 8 млн. теңгені құрайды.

Сыртқы экономикалық қызмет. Қазақстан Республикасы Кеден бақылау комитетінің мәліметтері бойынша 2008 жылдың қаңтар-қазан айлары ішінде ішкі сауда айналымы 2958, 6 млн. АҚШ долларын құрады және 2007 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 1, 6 есеге ұлғайды, оның ішінде: экспорт – 1999 млн. АҚШ долларын (1, 9 есеге ұлғаюы), импорт – 959, 6 млн. АҚШ долларын құрады (16, 5 % ұлғаюы). Сыртқы сауданың оң сальдосы сақталды және ол 1039, 4 млн. АҚШ долларына тең.

Облыс экспортында мейлінше көбірек үлес салмағы темір кен өніміне (55, 4%), дәнді нанға (16, 4%), ұнға (15, 7%), асбестке (2, 2%) келеді.

Темір кен өнімін жеткізу өткен жылмен салыстырғанда 1, 7 есеге өсті және 1107, 2 млн. АҚШ долларын құрады. Ұн жеткізу көлемі 3, 5 есеге, бидай өнімін жеткізу көлемі 1, 5 есеге, асбест — 1, 4 есеге көбейді.

Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда импорт тауарлары түсімдерінің көлемі мынадай тауарларды әкелу есебінен көбейді: мұнай – 2 есе, жабдықтар – 1, 5 есе, қара металлдар – 1, 3 есе.

Импорт тауарларын жеткізуде негізгі үлес жабдықтарға, көлік құралдарына, минералды отынға, қара металға және одан жасалған бұйымдарға, медикаменттерге келеді.
© 2007 СПК «Тобол»
Барлық құқықтар қорғалған.
Қазақстан Республикасы,
Қостанай облысы, 110000,
Қостанай қ.,Дулатов көшесі, 68

Солтүстік-Қазақстан облысы, 150000,
Петропавл қ.,Қазақстан Конституциясы көшесі, 38

Тел.: +7 (7142) 54 33 77, +7 (7152) 49 04 78
Факc: +7 (7142) 53 37 33, +7 (7152) 49 04 78
E-mail: mail@spk-tobol.kz
Сайтты өндеу
Paradigma.kz